You are currently viewing 19 қараша күні Батыс Қазақстан облысы аумағында бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді

19 қараша күні Батыс Қазақстан облысы аумағында бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді

19 қарашада «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы, Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Орал қаласының әкімдігі, сондай-ақ «РЦКУ-ОРАЛ» ЖШС ұйымымен бірлесіп, Батыс Қазақстан облысы бойынша қауіпсіздікке бағытталған рейдтік іс-шараларды өткізді.
Рейд барысында:
•тұрғындарға табиғи газды дұрыс және қауіпсіз пайдалану қағидалары түсіндірілді;
•тұрмыстық газ жабдықтарының техникалық жағдайы тексерілді;
•газбен қамту қызметінің тәртібі мен талаптары бойынша кеңестер берілді;
•тұрмыстық газдан улану және авариялық жағдайлардың алдын алу шаралары түсіндірілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — қысқы маусымда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, газ жабдықтарын пайдалану кезінде тәртіпті күшейту және профилактикалық жұмыстарды күшейту.
Рейдті толық ұйымдастыру «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы тарапынан қамтамасыз етіліп, мамандар мен ақпараттық топтар жұмылдырылды.