
Сұлтанбек Абзалбек Зеинәбілұлы
«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ құқықтық мәселелер және қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры
Білімі:
М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бакалавры
Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінің «Құқықтану» мамандығы және Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының магистрі.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын мемлекеттік қызметте аудитор ретінде бастаған.
Әр жылдары келесі маңызды лауазымдарды атқарды:
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Мемматрезерв» РМК сатып алу корпоративтік басқармасының басшысы;
Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Салық комитетінде жұмыс істеді;
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесші;
Ақтөбе облысы әкімінің кеңесші.
Мұнай-газ өнеркәсібі саласы:
Әр жылдары “QazaqGaz “ҰК”АҚ компаниясының тобында басшылық қызметтер атқарды
2024 жылғы 21 қарашада «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ-ның құқықтық мәселелер және қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды.