You are currently viewing Жетісу облысының Панфилов ауданындағы төрт ауылға табиғи газ берілді

Жетісу облысының Панфилов ауданындағы төрт ауылға табиғи газ берілді

  • Post published:

Панфилов ауданының Шолақай, Аққұдық, Ақжазық және Әулиеағаш ауылдарында газдандыру жұмыстары аяқталып, табиғи газ алғаш рет берілді.

Нәтижесінде 1 665 үй шаруашылығы немесе 8 684 тұрғын газға қосылу мүмкіндігіне ие болды.

Жоба аясында 91,8 шақырым газ құбыры тартылып, 15 шкафтық газ реттеу пункті орнатылды. Ауылдарға газ «Жаркент» автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы жеткізіледі.

«Газдандыру – ең алдымен тұрғындардың өмір сүру сапасын, тұрмыстық жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру. Мұндай жобалар ауылдық елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын дамытуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді», – деді «QazaqGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалының директоры Нұржан Түмебаев.

Осылайша, 2026 жылдың басынан бері Панфилов ауданындағы жоспарланған 11 елді мекеннің 9-ына табиғи газ жеткізілді.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ ҚР Энергетика министрлігімен, «QazaqGaz» ҰК» АҚ және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Мемлекет басшысының еліміздегі газдандыру деңгейін 80 пайызға жеткізу жөніндегі тапсырмасы аясында жұмысты жалғастыруда.