Жезқазған қаласының Батыс ауданындағы тұрғын үйлерді табиғи газға қосу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Алғашқы тұрғындар көгілдір отынды тұрмыста пайдалана бастады.
Жоба аясында 960 үйді газға қосуға арналған құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, газ құбырларының шығару нүктелері орнатылды. Аудандағы 8 газ реттеу шкафының бесеуі іске қосылды. Қалған үшеуі де кезең-кезеңімен іске қосылады.
Қазіргі уақытта 80 абонент техникалық шарт алып, үйлерін газға қосуға дайындалуда.
Жезқазған қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев пен «QazaqGaz Aimaq» АҚ Қарағанды өндірістік филиалының бас инженері Ділдәбек Құлтеміров газға қосылған үйлердің біріне барып, тұрғындармен кездесті.
Үй иелері көптен күткен игіліктің жүзеге асқанына ризашылығын білдірді.
Тұрғын үйлерді газға қосу жұмыстары алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасады. Мамандар тұрғындарды техникалық талаптар мен қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.