Интеграцияланған менеджмент жүйесі

АО «QazaqGaz Aimaq» тұрақты даму аясында өндірістік және басқарушылық қызметтің негізгі бағыттарын қамтитын интеграцияланған менеджмент жүйесін (ИМЖ) кезең-кезеңімен енгізіп, жетілдіруде.

Қоғамда төмендегі халықаралық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйелері енгізілген және сертификатталған:

  • ISO 9001 – сапа менеджмент жүйесі,

  • ISO 14001 – экологиялық менеджмент жүйесі,

  • ISO 45001 – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау менеджмент жүйесі,

  • ISO 50001 – энергетикалық менеджмент жүйесі,

  • ISO 37001 – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджмент жүйесі.

ИМЖ келесі мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді:

  • газбен жабдықтау саласында қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету,

  • еңбек қауіпсіздігі мен экология саласындағы тәуекелдерді азайту,

  • ресурстарды тиімді пайдалану және энергия шығындарын төмендету,

  • ашық әрі этикалық іскерлік орта қалыптастыру.

Компания ішкі аудит жүргізу, тәуекелдерді бағалау, персоналдың біліктілігін арттыру және бизнес-процестерді жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Менеджменттің интеграцияланған тәсілі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және тұтынушылардың, серіктестердің, мемлекеттің сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Сапа саласындағы саясат келесі бағыттарға бағытталған:

  • тауарлық газбен жабдықтауға, Компанияның өндірістік объектілерін пайдалану жөніндегі қызметтің мониторингі мен бақылауына, Қазақстан Республикасы заңнамасының, нормативтік-техникалық базаның, ұлттық және халықаралық стандарттар талаптарының, сондай-ақ, табиғатты қорғау және еңбек заңнамасының сақталуына;

  • өзара байланысты процестер жүйесі ретінде бизнес-қызметті басқаруды жүзеге асыруға;

  • сапа менеджменті жүйесінің тиімділігі мен нәтижелігін үнемі арттыруға;

  • Компанияның құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлері арасындағы, сондай-ақ, тұтынушылармен, жұртшылықпен, билік органдарымен және қадағалау органдарымен, іскер серіктестермен және жеткізушілермен тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз етуге;

  • Компания персоналының және оның өндірістік филиалдарының кәсіби біліктілігін, құзыреттілігі мен хабардарлығын арттыруға;

  • сапа, денсаулықты қорғау, қоршаған ортаны қорғау, энергия тиімділігі, энергия үнемдеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы корпоративтік мәдениетті жетілдіру;;

  • көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін, жеке жауапкершілікті сезіне отырып, жұмысын орындауға Компания персоналын ынталандыру, қоршаған ортаға әсерді азайту, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді азайтып, энергия тиімділігін арттыруға;

  • жасалған келісімшарттар мен шарттар бойынша жұмыстарды мінсіз ұйымдастыруға;

  • Компанияның барлық бөлімшелерінде сапаны тиімді басқаруды ұйымдастыруға;

  • қажет болған жағдайда, нарықтық позицияларды өз ресурстары есебі негізінен сақтауға және нығайтуға мүмкіндік беретін стратегиялық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру арқылы, бизнес-процестерге әсер ететін қолайсыз факторлардың алдын алуға немесе жоюға арналған  дағдарысқа қарсы менеджментті қолдануға бағытталған.

  • озық тәсілдерді, заманауи технологиялар мен менеджмент жүйелерін енгізу есебінен газбен жабдықтау кезінде шығындарды азайту және еңбек өнімділігін арттыруға;

  • заманауи технологияларды енгізуді, газ тарату желілерін, құрылыстарды, өндірістік жабдықтарды жаңғыртуды, процестерді оңтайландыруды, өндіріс мәдениеті мен қауіпсіздігін арттыруды қоса алғанда, Қоғамның орнықты дамуы жөніндегі іс-шараларды іске асыруға;

Компания қоршаған ортаны қорғау саласындағы Саясатын іске асыру және экологиялық аспектілердің қоршаған ортаға әсер ету тәуекелдерін басқару мақсатында келесі қағидаттарды басшылыққа алады:

  • газбен жабдықтау және сервис қызметтеріне қатысты ISO 14001 халықаралық стандарты талаптарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесінің тиімділігі мен нәтижелілігін тұрақты арттыру;

  • қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы халықаралық стандарттарды, жетекші компаниялардың тәжірибесін және ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін ескеру;

  • газ құбырлары мен басқа да өндірістік және өндірістік емес нысандар өтетін аймақтарда табиғи ортаны сақтау;

  • Компания қызметінің халықаралық және ұлттық заңнамаға, нормативтік талаптарға, сондай-ақ қабылданған басқа да міндеттемелерге сәйкестігін жүйелі түрде анықтап, бағалау;

  • экологиялық менеджмент жүйесі аясында барлық мүдделі тараптардың пікірін ескеріп, тұтынушылармен, қоғаммен, мемлекеттік және бақылаушы органдармен, іскер серіктестермен және жеткізушілермен тиімді байланыс орнату;

  • табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оларды сақтау және қоршаған ортаның ластануының алдын алу арқылы тұрақты дамуды қамтамасыз ету.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау саласындағы саясаты Компанияның өндірістік объектілерін тиісті деңгейде пайдалануға мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне әсер ететін қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың тәуекелдері мен әсерін тұрақты түрде төмендетуге бағытталған.

Саясат, сондай-ақ, қауіпсіз (апатсыз) газбен жабдықтау саласындағы тиімділікті арттыруға бағдарланған.

Компания келесі міндеттемелерді өз мойнына алады:

  • ішкі нарықтағы қызметке қатысты халықаралық ISO 45001 стандарты талаптарына сәйкес, еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау менеджменті жүйесінің тиімділігі мен нәтижелілігін үнемі арттырып отыру;

  • еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау менеджменті жүйесінің қолданыстағы заңнамаға, нормативтік құқықтық актілерге және мүдделі тараптардың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;

  • еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау мәселелері бойынша барлық мүдделі тараптармен өзара тиімді ынтымақтастық пен ақпараттық белсенділікті қамтамасыз ету;

  • еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау саласындағы тәуекелдерді төмендету, сондай-ақ қызметкерлердің жарақаттануы мен денсаулығының нашарлауының алдын алу;

  • еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау саласындағы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу;

  • бақылау әдістерін қолдану, сондай-ақ тиімді түзету және алдын алу шараларын іске асыру.

Саясат келесіге бағытталған:

  • көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, энергия үнемдеу шараларын үнемі жүзеге асыруға;

  • энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануға қол жеткізуге;

  • Қоғам қызметкерлері арасында энергия үнемдеу мәдениетін одан әрі арттыруға;

  • персоналды энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануға ынталандыруға.

Компания басшылығы көрсетілетін қызметтердің энергетикалық тиімділігін арттыру, энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану мен үнемдеу, сондай-ақ энергетикалық менеджмент жүйесін үздіксіз жетілдіру арқылы қоршаған ортаны қорғау бойынша міндеттемелерді қабылдайтынын мәлімдейді.

Компания өзіне келесі міндеттемелерді алады:

1) энергетикалық сипаттамаларын үнемі жақсарту – бұл үшін ұйымдастырушылық, экономикалық, қаржылық, техникалық, технологиялық және құқықтық шараларды іске асыру, энергия тұтынуды азайтуға және барлық қызмет салаларында экологиялық қауіпсіз әрі энергия үнемдейтін озық технологияларды енгізуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады;

2) қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін ақпараттың қолжетімділігін және қажетті ресурстармен қамтамасыз етуді;

3) энергетикалық менеджмент, энергия тиімділігі және энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік, салалық және корпоративтік стандарттар мен нормативтік талаптарды, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді сақтауды;

4) газбен жабдықтау және сервистік қызмет көрсету кезінде маңызды энергия тұтынушыларды жүйелі түрде бағалау, мониторинг, өлшеу және энергия менеджменті жүйесінің негізгі сипаттамаларын талдау негізінде энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануды басқаруды;

5) қызметкерлердің біліктілігін үнемі арттыруды, олардың хабардарлығын және жеке жауапкершілігін қалыптастыруды, энергия менеджменті жүйесінің жұмысын, энергия тиімділігінің жай-күйін және энергетикалық ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз етуді;

6) энергетикалық ресурстарды тұтынуға байланысты қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуды;

7) энергия тиімді өнімдер мен қызметтерді сатып алуға, сондай-ақ Компанияның энергетикалық нәтижелілігін арттыруға бағытталған жобаларды әзірлеуге жәрдемдесуді.

Корпоративтік тәуекелдерді басқару жүйесі саласындағы саясат (КТБЖ) келесі мақсаттарға қол жеткізуге негізделген орынды сенімділікті қамтамасыз етуге бағытталған:

  • стратегиялық мақсаттар;

  • операциялық мақсаттар – ресурстарды тиімді және нәтижелі пайдалану, активтердің сақталуын қамтамасыз ету;

  • сенімді есептілікті дайындау саласындағы мақсаттар;

  • қолданыстағы заңнама мен ішкі талаптарды сақтау саласындағы мақсаттар.

КТБЖ мен ішкі бақылаудың негізгі міндеттері:

1. Компания қызметінің барлық аспектілеріне тәуекел-менеджмент пен ішкі бақылау жүйесін интеграциялау және тәуекел мәдениетін арттыру;

2. Компанияның өз мақсаттарына қол жеткізуіне қауіп төндіретін жағдайларды алдын ала болжау, жағымсыз оқиғаларға тиімді әрекет ету және олардың әсерін қабылданатын деңгейге дейін төмендету арқылы қызмет нәтижелерінің құбылмалылығын азайту;

3. Ұзақ мерзімді перспективада Компания активтерінің құнын және кірістілігін арттыру мүмкіндіктерін тиімді пайдалану.

Қоғам тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін үнемі жетілдіруге ұмтылады.

Тәуекелдерге әрекет ету стратегиялары қызмет жағдайларын, пайда мен шығынның арақатынасын, қабылданған міндеттемелерді, мүдделі тараптардың күтулерін, тәуекелдердің басымдықтарын және белгіленген тәуекел-тәбет деңгейін ескере отырып қалыптастырылады.

Тәуекелге әрекет етудің келесі стратегиялары ажыратылады:

  • тәуекелді қабылдау – тәуекел деңгейі қолайлы деп танылып, оны төмендету шаралары қажет етілмейді;

  • тәуекелден бас тарту – қалаусыз тәуекелдерге әкелуі мүмкін қызмет түрлерінен бас тарту;

  • тәуекелді саналы түрде арттыру – қосымша қаржылық немесе басқа да пайдаларды алу мақсатында;

  • тәуекелді қысқарту – алдын алу шараларын қолдану және тәуекел іске асқан жағдайда әрекеттерді жоспарлау арқылы оның пайда болу ықтималдығына және/немесе әсеріне (зиян мөлшеріне) ықпал ету;

  • тәуекелді беру (қаржыландыру) – тәуекелді басқа тарапқа толық немесе ішінара беру, бөлу.

Тәуекелдерді басқару құрылымы ақпарат ағынының тігінен де, көлденеңінен де жеткіліктілігін қамтамасыз етеді.

  • Төменнен жоғарыға бағытталған ақпарат Директорлар кеңесі мен Компания Басқармасын ағымдағы қызмет, тәуекелдер, олардың бағалануы, бақылау шаралары, әрекет ету тәсілдері мен басқару деңгейі туралы мәліметтермен қамтамасыз етеді.

  • Жоғарыдан төменге бағытталған ақпарат Компанияның мақсаттары, стратегиялары, қалаулы мәдениеті, тәуекел-тәбет пен төзімділік деңгейі туралы ақпаратты ішкі нормативтік құжаттар мен тапсырмалар арқылы жеткізуді қамтамасыз етеді.

  • Көлденең ақпарат алмасу Компания ішіндегі құрылымдық бөлімшелер арасындағы, сондай-ақ тәуекелдерге жауапты бөлімше мен тәуекелдерді басқаруға қатысатын басқа құрылымдар арасындағы өзара әрекеттесуді қамтиды.

Осы Саясатта белгіленеді:

1) Компаниядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша басқарушылық және ұйымдастырушылық негіздер;

3) сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу және оны барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар;

4) құқық бұзушылық фактілері бойынша комплаенс-тексерулерді / тергеп-тексерулерді жүргізу тәртібі;

5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, сондай-ақ Қоғамның қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарын мүлтіксіз сақтау бойынша қызметкерлерде берік ұстаным қалыптастыру негіздері;

6) Қоғамда сыйлықтарды беру және қабылдау, қонақжайлық актілерін көрсету мен қабылдау, сондай-ақ сыйлықтарды тіркеу мен қонақжайлықты көрсету кезінде Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қатысты жалпы қағидаттар.

Осы Саясаттың негізгі мақсаты – лауазымды тұлғалар мен Компания қызметкерлерінің жоғары мінез-құлық стандарттарын ұстануын, ашық және адал бизнес жүргізуін, іскерлік беделін нығайтуын және Компанияға деген сенімді арттыруды қамтамасыз ету.

Осы Саясат Компанияның барлық аффилиирленген тұлғаларына, лауазымды тұлғаларына және қызметкерлеріне (оның ішінде аутстаффинг қызметкерлеріне) танысу және қатаң сақтау үшін міндетті болып табылады.

Компания өзінің контрагенттеріне осы Саясат пен оның барлық қосымшаларын сақтауды және өз қызметкерлері тарапынан да талаптардың орындалуын қамтамасыз етуді ұсынады.

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасы осы Саясаттың ережелерінен қатаң талаптарды көздейтін болса, онда Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптары қолданылады.