«QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалының қызметкерлері Жаңа Конституция жобасының негізгі нормаларын түсіндіруге арналған кездесуге қатысты.
Спикерлер қатарында Астана қаласының «Есіл» ауданы бойынша «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы штабының төрайымы Санира Жүсіпова, Астана қаласы мәслихатының депутаты, AMANAT партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының Астана қалалық филиалының төрағасы Арсланбек Мағзұм және қоғам қайраткері Әсем Нұрсейітова сөз сөйледі.

Ашық форматта еңбек ұжымына жобаның негізгі баптары мен алдағы конституциялық өзгерістердің басты бағыттары таныстырылды.
Диалог барысында заңдылық, әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын нығайту және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бастамалар егжей-тегжейлі түсіндірілді. Реформалардың өнеркәсіп секторын дамытудағы және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірдегі рөлін арттырудағы маңызы атап өтілді.
Кәсіпорын өкілдері жүргізіліп жатқан конституциялық өзгерістерді қолдайтынын және оларды елдің тұрақтылығын нығайтуға, мемлекет дамуы үшін сенімді құқықтық негіз қалыптастыруға маңызды қадам деп қарастыратынын айтты. Кездесу конструктивті атмосферада өтті, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті және қызықтырған сұрақтарын қойды.