You are currently viewing Атыраулықтарға газды пайдалануда сақ болу керектігі айтылды

Атыраулықтарға газды пайдалануда сақ болу керектігі айтылды

Атыраулықтарға өрт қауіпсіздігі мен газды пайдалануда сақ болу керектігі түсіндірілді.
Облыстық ТЖД мен «QazagGaz Aimaq» АҚ Атырау өндірістік филиалының қызметкерлері Ақсай ауылы 12-өткелдегі жеке үйлерді аралады.
Тұрғындарға өрттің туындау қауіпін азайту, газ құрылғыларын қолдану барысында уланудың алдын алу туралы жадынама таратылды. Сұрақтарға білікті мамандар жауап берді.