«QazaqGaz» ҰК» АҚ 25 жылдығына және Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара Шымкентте сала ардагерлері мен еңбеккерлерін және жас мамандарды жинады.

Кештің айшықты сәті ардагердің ұрпақтар сабақтастығының, қалыптасқан дәстүрді құрметтеудің және кәсіби тәжірибе алмасудың белгісі ретінде жас маманға дулыға табыстау рәсімі болды.
Салтанатты шараға «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мейірбек Ихсанов, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және «QazaqGaz Aimaq» АҚ құқықтық мәселелер және қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Абзалбек Сұлтанбек қатысты.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің сөзінде өңір экономикасы үшін газ саласының стратегиялық маңыздылығын атап өтті:
«Біз Шымкенттің осы маңызды оқиғаны өткізу алаңына айналғанын мақтан тұтамыз. Мұнда еліміздің газ инфрақұрылымын дамытуға зор үлес қосқан нағыз мамандар еңбек етуде».
Шара аясында компанияның 274 қызметкері құрмет грамоталарымен және алғысхаттармен марапатталды. Марапатталғандардың қатарында газ саласын дамытуға және Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді атсалысқан сала ардагерлері, озық мамандар мен жас ұрпақ өкілдері бар.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мейірбек Ихсанов ойын келесідей өрбітті:
«25 жыл тек мерейтойлық белес емес. Бұл QazaqGaz компаниясын өз еңбегімен сенімділіктің, тұрақтылықтың және орнықты дамудың белгісіне айналдырған адамдардың тарихы».

Мерекелік бағдарлама «QazaqGaz» корпоративтік әнұранын орындаумен аяқталды, бұл бүкіл сала үшін тамаша және мағыналы күннің шарықтау шегі болды.
Мерейтойлық асу тек мереке емес, сонымен қатар технологиялық сын-тегеуріндер мен энергетикалық сектордың трансформациясы жағдайында ұрпақтар бірлігі мен саланың жаңа мақсаттарға сенімді ұмтылысын айқындаған маңызды оқиға ретінде танылды.