You are currently viewing Түркістандық жастарға газ маманы болуы үшін әкімдік тарапынан жағдай жасалған Киелі өңір жастары орта арнаулы білім алу барысында газ шаруашылығы дағдыларын да іс жүзінде игереді

Түркістандық жастарға газ маманы болуы үшін әкімдік тарапынан жағдай жасалған Киелі өңір жастары орта арнаулы білім алу барысында газ шаруашылығы дағдыларын да іс жүзінде игереді

Бұл туралы «QazaqGaz Aimaq» АҚ құқықтық мәселелер және қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Абзалбек Сұлтанбек қол қойған дуальды оқыту жүйесі бойынша үшжақты келісімде қарастырылды.

Нәтижесінде 5 студент Кентау көпсалалы колледжінде алған теориялық білімін «QazaqQaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы ауқымындағы тәжірибеге ұштастырмақ. Жұмысшы мамандықтар жылындағы маңызды қадам білікті техникалық кадрлар даярлау сапасын күшейте түспек.

Ал өз міндетінің қыр-сырын жетік меңгерген кәсіби еңбеккерлердің қызметі халық тығыз орналасқан оңтүстік аймақта өзекті екені анық. Тараптар еңбек нарығындағы соңғы ғылыми, оқу және өндірістік жетістіктерді таратуда өзара құндылықтарды алмасуға уағдаласты. Әлеуметтік әріптестік қажетті тағылымдама деңгейін көтереді деп күтілуде. Ынтымақтастыққа Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» қоры бірлескен іс-шаралары аясында қол жеткізілді.