«QazaqGaz Aimaq» АҚ басшылығы жұмыс сапары барысында Алматы өндірістік филиалында нысандарын аралап, қайта жаңғырту және техникалық қызмет көрсету жұмыстарының қалай жүріп жатқанын тексерді. Олар құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқан маңызды учаскелерге барып, жобаның сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударды.
Компания өкілдері қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатқан негізгі учаскелерді аралады:
Маяк шағын ауданы (Қонаев атындағы өндірістік кооперативі):
Төмен қысымды жерүсті газ құбырын қайта жаңарту және оны Маяк шағынауданы жағынан орта қысымды газ құбырына қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жаңғырту газ қысымын тұрақтандыру және Береке-1 мен Береке-2 шағын аудандарын газбен қамту мақсатында қолға алынған.
Мердігер: «Сантех Комплект Групп» ЖШС.
Рысқұлов даңғылы – Ақын Сара көшесі – Момышұлы көшесі:
Момышұлы көшесінің бойындағы жер астындағы орта қысымды газ құбыры қайта жаңартылуда.
Мердігер: «ТаразАгроПромСервис» ЖШС.
Янушкевич көшесі – Пушкин көшесіне дейін (№23):
Орта және төмен қысымды жер асты газ құбырларын жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Мердігер: «ТаразАгроПромСервис» ЖШС.
Сонымен қатар, филиалдың өз күшімен 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында газ тарату жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылуда. Бұған шкафтық реттеу пункттері (ШРП), электрохимиялық қорғау станциялары (ЭХЗ) мен газ құбырларын жаңғырту жұмыстары кіреді.
Қосымша қол жеткізілген көрсеткіштер:
- 92% – газ реттеу пункттерін (ГРП және ГРПБ) жөндеу;
- 82% – жер асты газ құбырларын тексеру;
- 78% – ажырату құрылғыларына техникалық қызмет көрсету;
- 94% – ГРП және ШРП-ның сыртын бояу;
- 80% – электр жабдықтарын тексеру.
Мердігер ұйымдармен өткен жиындарда жұмыстардың орындалу кестесі, қолданылатын материалдардың сапасы, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздік, еңбек қорғау және экологиялық талаптардың сақталуы талқыланды. Тексеру қорытындысы бойынша мердігерлерге: жұмыстың қарқынын арттыру, қауіпсіздік шараларын күшейту, құрылыс аяқталғаннан кейінгі аумақты абаттандыру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Компания басшылығы барлық шаралар белгіленген мерзімде аяқталып, алдағы жылыту маусымы тұрақты әрі сенімді өтетініне сенім білдірді.