You are currently viewing Скандинавиялық жүрістен 3-орын

Скандинавиялық жүрістен 3-орын

Өткен демалыс күндері ұйымдастырылған Charity Samruk Marathon шарасына «QazaqGaz Aimaq» компаниясынан 32 адам қатысты.

Оның ішінде Қоғаммен байланыс және интеграцияланған менеджмент жүйесі департаментінің бас менеджері Г. Шиктыбаева «Nordic walking» сайысында 82 қатысушының арасынан жүлделі 3-орынды иеленді.

Биыл елордада төртінші рет өткен «Самұрық-Қазына» қайырымдылық марафонында жиналған қаражат, ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларды қолдауға арналады.