You are currently viewing Алматыда жылу маусымында 33 шақырымға жуық газ құбыры жаңартылды

Алматыда жылу маусымында 33 шақырымға жуық газ құбыры жаңартылды

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістікфилиалы 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымын қалыпты аяқтап, қаланы тұрақты әрі апатсыз газбен жабдықтауды қамтамасыз етті.

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық алдын ала жүргізілді. Филиал мамандары газ тарату жүйесінің сенімділігін арттыруға бағытталған кешенді техникалық шараларды жүзеге асырды.

Дайындық аясында 77 газ реттеу және 1 500-ден астам шкафтық газ реттеу пунктіне (ШРП, ШГРП), сондай-ақ 771 электр-химиялық қорғаныс станциясына ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді. Газ тарату желілеріне диагностика жасалып, ажыратқыш құрылғыларға қызмет көрсетілді. Бұл шаралар жүйенің маусымдық жүктемеге төзімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік берді.

Инвестициялық бағдарлама аясында 11 шкафтық реттеу пункті мен 13 электрхимиялық-қорғаныс станциясы жаңғыртылды. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 32,8 шақырым газ құбырлары қайта жаңартылды. Жоспарланған барлық жұмыс толық көлемде орындалды.

Төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп, халықпен, оның ішінде әлеуметтік осал топтар арасында жүйелі түсіндіру жұмысы қолға алынды. Тұрғын үйлерді аралау барысында ақпараттық материалдар таратылып, газды қауіпсіз пайдалану бойынша ұсынымдар берілді, сондай-ақ газдану дабылқаққыштары орнатылды.

Филиалдың апаттық-диспетчерлік қызметі күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді. 2025 жылы тұтынушылардан түскен 11 мыңнан астам өтініш түгел белгіленген мерзімде орындалды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жылыту маусымы елеулі технологиялық ақауларсыз өтті, ал тұтынушылар үздіксіз әрі қауіпсіз газбен қамтамасыз етілді.

Қазіргі уақытта филиал жабдықтарды реттеу және жаңғырту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастырып, 2026–2027 жылдардағы келесі жылыту маусымына дайындықты бастап кетті.