«QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы 2025–2026 жылдардағы күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын уақытылы әрі толық көлемде орындады. Кәсіпорын нысандарының жылыту маусымына дайындығы туралы паспорты жергілікті атқарушы органмен бірлесіп 2025 жылғы 2 қыркүйекте бекітілді.
Дайындық аясында регламенттік жұмыстар, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары орындалды. Атап айтқанда, 461 газ реттеу пунктіне (БГРП, ГРП), 97 1225 шкафтық газ реттеу пунктіне (ШРП, ШГРП), сондай-ақ 56 электрхимиялық қорғау құралдарына ағымдағы жөндеу жүргізілді — барлық көрсеткіштер 100% орындалды. Сонымен қатар ажыратқыш құрылғыларға қызмет көрсету және газ тарату желілеріне диагностикалық жұмыстар жүргізілді.
Жылыту маусымы кезеңінде газбен жабдықтау жүйелерінің сенімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар кешені жүзеге асырылды:
• барлық қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен, қажетті материалдармен және арнайы жабдықтармен толық қамтамасыз етілді;
• газ-техникалық инспекциясымен бірлесіп халық арасында тұрмыстағы газды қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілді (рейдтер, бейнероликтер, жадынамалар тарату);
• 2025 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп «112» нөмірі арқылы газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелері бойынша SMS-хабарламалар жолданды;
• «Пергам» ДЛС жылжымалы зертханасын пайдалана отырып, газ тарату желілеріне 1 445 км диагностикалық тексеру жүргізілді (35 газ шығу дерегі анықталып, олар толық жойылды).
2025–2026 жылғы күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында авариялардың алдын алу және газ қысымын арттыру мақсатында келесі жұмыстар атқарылды:
• АГРС нысандарында ИЦА-мен бірлесіп 23 сүзгі тазартылды;
• ШГРП, ПГБ және ГРП нысандарында 1 154 сүзгі элементі ауыстырылды;
• газ құбырларының аркалық өткелдерінде 86 рет қайта монтаждау жұмыстары жер астына көшіру немесе биіктігін арттыру арқылы жүргізілді;
• аркалық өткелдерге жарық шағылыстырғыш бояу жағу және биіктік шектеу белгілерін орнату бойынша 271 іс-шара орындалды;
• төмен қысымды газ құбырларын сақиналау 23 жағдайда жүзеге асырылды;
• төмен қысымды газ құбырларын сақиналаумен 10 қосымша ШГРП орнатылды;
• қолданыстағы 9 газ құбырының диаметрі ұлғайтылды.
Авариялық-диспетчерлік қызметтің жұмысына ерекше назар аударылды. 2025 жылдың 1 қазаннан 2026 жылының сәуір айына дейін жылыту маусымы кезеңінде қызметке тұтынушылардан 7 266 өтініш келіп түсті, барлық өтініштер уақтылы қаралып, белгіленген мерзімде орындалды, бұл газдың үздіксіз әрі қауіпсіз берілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Газбен жабдықтауды дамыту аясында 2025 жылдан 2026 жылдың сәуір айына дейін 70 елді мекенге газ беру қамтамасыз етілді, бұл 23 711 тұтынушыға табиғи газды пайдалану мүмкіндігін берді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2025–2026 жылғы күзгі-қысқы жылыту маусымы тұрақты режимде өтіп, тұтынушыларды газбен үздіксіз әрі қауіпсіз қамтамасыз ету толық көлемде жүзеге асырылды.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы алдағы уақытта да газбен жабдықтау сенімділігін арттыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.