You are currently viewing «QazaqGaz Aimaq» АҚ: Қазақстан өңірлерінде жылу беру маусымы басталды

«QazaqGaz Aimaq» АҚ: Қазақстан өңірлерінде жылу беру маусымы басталды

Қазақстанның газдандырылған 14 өңірінің 8-інде жылу беру маусымы басталды.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ 2026–2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге газ тарату жүйелерінің 100% дайындығын қамтамасыз етті. 6 мыңнан астам маман жұмылдырылып, шамамен 77 мың шақырым газ тарату желісі қысқы жұмысқа дайындалды.

Қостанай және Ақмола облыстарында, Астана қаласында, сондай-ақ Қарағанды, Теміртау, Жезқазған және Зайсан қалаларында жылу беру басталды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында әлеуметтік нысандарға жылу берілуде, тұрғын үйлерді қосу жұмыстары қазан айында кезең-кезеңімен жүргізіледі. Қызылорда облысында да жылыту маусымы басталды.

Маңғыстау облысында жылу беру маусымын қазан айының ортасында бастау күтілуде. Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында жылу беру жергілікті деңгейде белгіленген мерзімдерге сәйкес негізінен қазан айының ортасынан басталады.

Компанияның барлық өңірлеріндегі газ инфрақұрылымы қысқы жағдайда жұмыс істеуге толық дайын. Дайындық барысында газ реттеу пункттері мен шкафтарына техникалық қызмет көрсетіліп, жөндеу жұмыстары жүргізілді, газ құбырлары аспаптық тексеруден өткізілді. Жалпы дайындық жұмыстары 30-ға жуық техникалық іс-шараны қамтыды.

Мамандар тұрғындарға табиғи газды қауіпсіз әрі үнемді пайдалану ережелерін түсіндіру жұмыстарын да жалғастыруда.