You are currently viewing Түркістан облысында тағы 2 ауыл табиғи газ игілігін көре алады
Screenshot

Түркістан облысында тағы 2 ауыл табиғи газ игілігін көре алады

  • Post published:

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының Қошқарта және Кеңсай ауылдарына алғаш рет «QazaqQaz Aimaq» АҚ қатысуымен табиғи газ берілді. Газдандыру жұмысының нәтижесінде 262 үй шаруашылығын газ желісіне қосуға мүмкіндік жасалды.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 21,6 шақырым газ құбыры тартылып, 2 газ реттеу пункті және 257 жеке шкафтық газ реттеу пункті орнатылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін өңірде Республика күні қарсаңында Сарыағаш ауданының Сарысу, Тасқұдық және Құрысай ауылдарына табиғи газ жеткізілді.