Тарифтер мен бағалар

29.11.2019

Батыс Қазақстан өндірістік филиалының газ тарату желілері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тариф 2020ж.01.01. бастап 1000 м3 үшін ҚҚС-сыз 3 876,54 теңгені құрайды, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №04-07/2287 хатымен келісілді.


29.11.2019

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2018 жылғы 30 қарашадағы №187-НҚ бұйрығымен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Жамбыл өндірістік филиалының газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тариф 1000 м3 үшін ҚҚС-сыз 8 317,44 теңге деңгейде бекітілді.


28.11.2019

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2019 жылғы 22 қарашадағы №44-НҚ бұйрығымен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қызылорда өндірістік филиалының газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тариф 1000 м3 үшін ҚҚС-сыз 5 941,35 теңге деңгейде бекітілді.