You are currently viewing Жетісу облысының Жиделі, Ақарал, Қызылжиде, Керімағаш және Сарпылдақ ауылдарына табиғи газ берілді

Жетісу облысының Жиделі, Ақарал, Қызылжиде, Керімағаш және Сарпылдақ ауылдарына табиғи газ берілді

Панфиловауданының Жиделі, Ақарал, Қызылжиде, Керімағаш және Сарпылдақауылдарында газдандыру жұмысы аяқталып, алғашрет табиғи газ іске қосылды. Нәтижесінде 302 үйгаз желісіне қосылу мүмкіндігіне ие болды.

Жаңа тұтынушыларды газбен қамтамасыз ету үшін 52,8 шақырым газ құбыры тартылып, бір газ реттеуіш бекеті мен бес шкафты газ реттеуіш пункті орнатылды.

Газ Панфилов ауданында орналасқан«Жаркент» автоматтандырылған газ таратустанциясынан беріледі. Оның қуаты көгілдір отынға қосылған үйлерді сенімді әрі үздіксіз газбенқамтамасыз етуге толық жетеді.

«Газдандыру, ең алдымен тұрғындардыңжайлылығы мен қауіпсіздігі. Осындай жобалардыжүзеге асыру ауылдық елдімекендерде өмір сүругеқажетті жағдай жасап, олардыңинфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндікбереді», — деп атап өтті «QazaqGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалының директоры Нұржан Түймебаев.

Жиделі, Ақарал, Қызылжиде, Керімағаш және Сарпылдақ газдандыру — Жетісу облысының газ инфрақұрылымын кеңейту жұмысының бір бөлігі. Жаңа желілердің тартылуы тұрғындардың табиғигазға қол жеткізуін қамтамасыз етіп, ауылдықжерлердегі заманауи инженерлікинфрақұрылымның дамуына ықпал етеді.

Жалпы, жыл басынан бері Жетісуоблысында Кербұлақ ауданының тоғызелдімекені газдандырылды.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Мемлекет басшысының елімізді газдандыру деңгейін 80 пайызға жеткізутапсырмасы аясында Энергетика министрлігі, «QazaqGaz» ҰК» АҚ және өңірлер әкімдіктерімен бірлесе отырып, газ тарату инфрақұрылымындамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.