You are currently viewing Газ қызметкерлері төтенше жағдайларға дайын

Газ қызметкерлері төтенше жағдайларға дайын

Бүгін «Дабыл-1001» сигналы бойынша «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. «QazaqGaz Aimaq» АҚ барлық филиалдарында өңірлік ТЖД-мен бірлесіп дайындық іс-шаралары өткізілді.
Республика бойынша газшылар, құтқарушылар, азаматтық қорғау қызметтері мен коммуналдық қызметтер ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін техниканы, жабдықтар мен ресурстарды әзірлікке келтірді.
Оқу-жаттығуға қатысушылар өзара іс-қимыл алгоритмдері мен ТЖ-ны жою жөніндегі шешімдерді пысықтады.
Қандай міндеттер пысықталды?
✅ қызметтер арасындағы хабарландыру және үйлестіру жүйелерін тексеру;
✅ апаттық бригадалар мен арнайы техниканың әзірлігі;
✅ газ қызметтерінің ТЖД және коммуналдық кәсіпорындармен өзара іс-қимылы;
✅ су тасқыны салдарын жою бойынша практикалық іс-шараларды пысықтау.


Алдын алу шаралары көктемгі су тасқынының салдарын барынша азайтуға, ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қою тиімділігін арттыруға және халық үшін тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.
Оқу-жаттығу барысында мамандардың жоғары кәсібилігі, үйлесімді әрекеттері және кез келген штаттан тыс жағдайларға дайындығы байқалды.