Тауарлық газды таратушы желілер арқылы тасымалдау нысаны ретінде «QazaqGaz Aimaq» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалындағы баспасөз туры, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып өткізіледі.
Баспасөз туры 2026 жылдың 21 қазанында сағат 11:00-де Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі 73а және 12 шағын ауданы айналма жол мекенжайы бойынша өтеді.
Осыған байланысты, аталған шараға облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың өкілдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер, тәуелсіз сарапшылар, БАҚ және өзге де мүдделі тұлғалар қатысуға шақырылады.
Шараны өткізу туралы толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7132) 55-73-38.