«QazaqGaz Aimaq» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ұлы Дала ы/а газ беруді уақытша тоқтату туралы хабарлайды.
Газ желілерін жоспарлы айналып қарау барысында Ұлы Дала шағын ауданына апаратын орташа қысымды жерасты газ құбырынан газдың иісі табылды. Ықтимал апаттық жағдайдың алдын алу үшін 104 апаттық бригаданың мамандары орташа қысымды жерасты кранын жауып тастады. Осылайша, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2 369 жергілікті тұтынушы мен 5 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын газдан ажыратылды. Қазіргі уақытта авариялық қызмет жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Өз кезегінде, «QazaqGaz Aimaq» АҚ ықтимал тәуекелдерді болдырмау мақсатында тұтынушыларға:
– газ құрылғыларының өшірулі екенін тексеруді;
– қажет болған жағдайда мамандардың газ жабдықтарына қол жеткізуін қамтамасыз етуді;
– газдың иісі пайда болған кезде 104 телефоны бойынша жедел қызметке хабарлауды ұсынамыз.
Қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін, газды қайта іске қосу бірден жүзеге асырылады.
Біз сіздің түсінігіңіз үшін алғыс айтамыз және бірлескен күш-жігер барлық қажетті жұмыстарды тез және қауіпсіз аяқтауға көмектесетініне сенімдіміз.