«QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның Шығыс Қазақстан өндірістік филиалы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылында газ беру уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды.
2025 жылғы 6 наурызда сағат 11:30-да апаттық-диспетчерлік қызметке Үлкен Қаратал ауылына апаратын жоғары қысымды жерасты газ құбырының зақымданғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Апаттық бригада келгеннен кейін жеке ұйым су тасқынына қарсы жер жұмыстарын жүргізу кезінде Үлкен Қаратал ауылына апаратын жоғары қысымды жерасты газ құбырына шынжыр табанды экскаватормен зақым келтіргені анықталды. Жөндеу жұмыстарының басталуы қиындық туғызуда, себебі зақымданған жерді су басып қалған. Газ құбырының осы учаскесін ажырату және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу суды сорып алғаннан кейін ғана мүмкін болады. Алдын ала мәлімет бойынша, қажетті жөндеу жұмыстарына байланысты Үлкен Қаратал ауылының жеке секторының 150 абоненті мен 8 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорнына газ беру уақытша тоқтатылады.
Айта кету керек, бұл жер жұмыстары «QazaqGaz Aimaq» АҚ филиалымен келісілмеген және ұйымға жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарланбаған.
Қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін бірден газ қайта беріледі.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және бірлескен күш-жігер барлық қажетті жұмыстарды тез әрі қауіпсіз аяқтауға көмектесетініне сенімдіміз.
Өз кезегінде, «QazaqGaz Aimaq» АҚ ықтимал тәуекелдерді болдырмау мақсатында тұтынушыларға келесі шараларды орындауды ұсынады:
– газ аспаптарының өшірілгеніне көз жеткізу.
– қажет болған жағдайда мамандардың газ жабдықтарына қол жеткізуін қамтамасыз ету.
– газ иісі шыққан жағдайда дереу 104 телефоны бойынша апаттық қызметке хабарлау.