You are currently viewing Түркістан облысы Келес ауданы Ошақты ауылындағы ескі газ құбыры бөлшектелуде

Түркістан облысы Келес ауданы Ошақты ауылындағы ескі газ құбыры бөлшектелуде

 «QazaqGaz Aimaq» АҚ хабарлауынша, қазіргі кезде Түркістан облысы Абай аудандық газ шаруашылығының мамандары тозығы жеткен болат құбырларды бөлшектеу жұмыстарын жүргізуде. Ол 2025 жылдың 17 қаңтарында газбен жабдықтау жүйесіне қосылған диаметрі 180 мм және ұзындығы 5 140 метрді құрайтын заманауи полиэтилен жаңа газ құбырлары орнатылғанға дейін пайдаланылып, мерзімі аяқталған құбырлар. Қазіргі уақытта жаңа газ құбыры арқылы жергілікті тұрғындардың үйіне сенімді әрі қауіпсіз табиғи газ жеткізіліп тұр.

Мамандар қажетті аумақтардағы ескірген құбырларды ауыстырып қана қоймай, оны келешекте жоспарлы жөндеу жұмыстарын өткізуге пайдалану мақсатында жуық маңдағы газ тарату пункттеріне орналастыруда. Құбырларды заңға қайшы әрекеттермен өткізу фактілері тіркелген жок.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ өз ісін адал әрі ашық жүргізетінін және барлық аймақтағы қызметін жемқорлыққа қарсы заң талаптарын сақтай отырып атқаратынын мәлімдейді.