You are currently viewing Жетісу облысында жылыту маусымына дайындық қарқынды жүруде

Жетісу облысында жылыту маусымына дайындық қарқынды жүруде

«QazaqGaz Aimaq» АҚ-да алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық өткен жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден басталды және компания басшылығының тұрақты бақылауында.

Жетісу облысындағы жұмыс барысын Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Сәлім Нағым тексерді. Қазіргі уақытта жоспарланған іс-шаралардың 38% орындалды. Дайындық тамыз айының соңында аяқталады деп күтілуде.

Дайындық аясында жаңа елді мекендерді газға қосу жоспарлануда. Кербұлақ ауданында газдандыру 25 ауылды, оның ішінде Қазансу, Майтөбе, Алтын Емел және басқаларын қамтиды. Желілердің ұзындығы — 484,2 км, тұтынушылар саны – 21 мыңнан астам.

Панфилов ауданында желілердің жалпы ұзындығы 260 км, абоненттер саны 8 мыңға жуық 12 елді мекенді қосу жоспарлануда.

Сәлім Нағым Жетісу өндірістік филиалының ұжымымен кездесу өткізіп, ағымдағы өндірістік міндеттерді талқылап, тиісті тапсырмалар берді.