«QazaqGaz Aimaq» АҚ заңды тұлғаларға арналған жаңа онлайн-қызметті іске қосты. Енді eGov.kz порталында «Газ тарату желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды беру» қызметі қолжетімді.
Заңды тұлғалар техникалық шарттарды енді қашықтан, кеңсеге бармай-ақ, онлайн түрде ала алады. Бұл – процестерді цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді ашық әрі ыңғайлы ету бағытындағы маңызды қадам.
– «QazaqGaz Aimaq» АҚ цифрлық шешімдерді енгізу арқылы клиенттік тәжірибені жақсартуға және бизнес-процестердің тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстарды жалғастырып келеді. eGov.kz платформасындағы жаңа онлайн-сервис – тұтынушылармен өзара іс-қимылдың заманауи, ашық және ыңғайлы жүйесіне жасалған тағы бір маңызды қадам, – деп атап өтті «QazaqGaz Aimaq» АҚ Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Алдияр Шуланов.
EGov.kz порталы арқылы газ тарату желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды алу бойынша бейнеролик. Жылдам қол жеткізу үшін смартфон камерасын QR-кодқа бағыттап, сканерлеңіз: