Алматы қаласы
Бүгін жаңадан салынған орташа қысымды жерасты газ құбырына қысым түсіру жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде, мердігер ұйым – «СантехКомплектГрупп» ЖШС тарапынан ауа қоспасының шығу оқиғасы тіркелді. Оқиға салдарынан жол жабынына, ағашқа және автокөлікке зақым келді.
Оқиға орнына қаланың тиісті апаттық қызметтері жедел түрде жетті. Қазіргі таңда аталған аумақты тексеру және оқиғаның себептерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орны қоршауға алынды, тұрғындар үшін қауіп жоқ. Қаза тапқандар жоқ.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ жағдайды толық бақылауда ұстап отыр және азаматтарды сабыр сақтауға шақырады. Қосымша ақпарат жаңа мәліметтер түскен сайын хабарланатын болады.