You are currently viewing QazaqGaz Aimaq IT-директоры мұнай-газ саласындағы цифрландыру көшбасшыларының ТОП-20-дығына енді

QazaqGaz Aimaq IT-директоры мұнай-газ саласындағы цифрландыру көшбасшыларының ТОП-20-дығына енді

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Алдияр Шуланов 2025 жылғы «Қазақстан мұнай-газ саласының ТОП-20 IT-көшбасшылары» тізіміне енді!

Бұл – компанияның және бүкіл саланың цифрлық трансформациясындағы еңбегі мен көшбасшылығын мойындау. Алдияр Шулановтың жетекшілігімен келесі ірі жобалар табысты жүзеге асырылып жатыр:

  • Әлеуметтік әмиян – атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй жәрдемақысын автоматтандырылған төлеу жүйесі;
  • Техникалық шарттар онлайн – жеке және заңды тұлғаларға арналған цифрлық сервис;
  • Мобильді қосымша – есептегіш көрсеткіштерін бір ғана басу арқылы жіберуге мүмкіндік береді;
  • Электронды келісімшарттар порталы – кеңсеге келмей-ақ келісімшарттар жасауға жағдай жасайды.

Бұл бастамалар тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және газ саласында заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған.

Алдияр Шулановты лайықты марапатымен құттықтаймыз! IT-экожүйені дамыту жолындағы жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!