You are currently viewing 2025-2026 жж. ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ: «QazaqGaz Aimaq» АҚ газ инфрақұрылымын қайта жаңғырту мен техникалық қызмет көрсетуді күшейтуде

2025-2026 жж. ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ: «QazaqGaz Aimaq» АҚ газ инфрақұрылымын қайта жаңғырту мен техникалық қызмет көрсетуді күшейтуде

«QazaqGaz Aimaq» АҚ 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында ауқымды іс-шаралар кешенін белсенді түрде жүзеге асырып жатыр. Өңірлерде газ тарату инфрақұрылымын қайта жаңғырту, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде. Компания басшылығы Алматы қаласы, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарына жұмыс сапарларын жасап, дайындық барысына мониторинг жүргізді.

Алматы қаласы: басты назар – қауіпсіздік пен мерзімдердің сақталуы

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров пен техникалық директор Әблікем Юсупов нысандарды аралап, мердігер ұйымдармен кездесу өткізді. Жұмыстың сапасы, мерзімдердің сақталуы және еңбек қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.

Негізгі көрсеткіштер:

  • ГРП және ГРПБ жөндеу – 92%;
  • Жерасты газ құбырларын тексеру – 82%;
  • Ажырату құрылғыларына техникалық қызмет көрсету – 78%;
  • ГРП мен ШРП-ның сырлау жұмыстары – 94%;
  • Электр жабдықтарын қарау – 80%.

Жұмыстарды 121 маманнан құралған 12 толық жабдықталған бригада жүргізіп жатыр. Нысандар кестеге сай дайындалып, бірқатар жұмыстар аяқталды.

Бүгінде Алматы өндірістік филиалында 535 маман еңбек етуде. Олар күн сайын 474 мыңнан астам абонентті үздіксіз және қауіпсіз газбен қамту жұмысын атқарып отыр. Қаладағы газ тарату желілерінің жалпы ұзындығы – 4,8 мың км. Бұл желілер тұрақты бақылау мен техникалық қызмет көрсетуді талап етеді және алдағы жылыту маусымы қарсаңында жоғары дайындықты қажет етеді.

Түркістан облысы: нысандарды тексеру және ескертулерді жою

Облысқа жасаған сапары аясында «QazaqGaz Aimaq» АҚ Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Сәлім Нағым Сарыағаш ауданы Жемісті ауылында ұзындығы 5,5 км жерасты газ құбырын ауыстыру жобасының жүзеге асырылу барысын тексерді. Сонымен қатар, өңірдегі бір газ шаруашылығында материалдарды сақтау, таңбалау және құжаттарды рәсімдеуде бұзушылықтар анықталды. Ескертулерді жою және мердігерлерге бақылауды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Бүгінгі таңда Түркістан облысында «QazaqGaz Aimaq» АҚ филиалы 290 мыңға жуық тұтынушыны табиғи газбен қамтамасыз етіп отыр. Қызмет көрсету аумағында 13 мың шақырымнан астам газ тарату желілері бар. Өңірдегі газдандыру деңгейі 73%-ға жетті, бұл бағыттағы жұмыстар жоспарлы түрде жалғасуда.

Батыс Қазақстан облысы: инвестициялық жобалар мен өндірістік базаны жөндеу

Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Арман Бектурова Орал қаласындағы нысандарға инспекция жүргізіп, инвестициялық бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен, соның ішінде ғимараттарды күрделі жөндеу мен «Ростоши–Тайпақ» учаскесін қайта құру жобасымен танысты. Жұмыстардың кестеге сай жүріп жатқаны және барлық кезеңде бақылауды күшейтуге дайын екені атап өтілді.

Сонымен қатар, тұтынушылардың дебиторлық берешегі және алдағы жылыту маусымында өңірдегі газ қызметінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Батыс Қазақстан облысында «QazaqGaz Aimaq» АҚ филиалы 219 771 жеке тұлға, 4 208 коммуналдық-тұрмыстық және 476 өнеркәсіптік тұтынушыны газбен қамтамасыз етеді. Өңірде 366 елді мекен газдандырылған, ал газ тарату желілерінің жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан асады.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ жылыту маусымына жоспарлы дайындықты жалғастырады. Жұмыс мердігер ұйымдар және жергілікті атқарушы органдармен тығыз үйлесімде жүргізіледі. Ерекше назар – техникалық қадағалауға, өнеркәсіптік қауіпсіздікке және апаттық-диспетчерлік қызметтердің дайындығына аударылады.