Онда «QazaqGaz» ҰК» АҚ мен «QazaqGaz Aimaq» АҚ өкілдері мердігер ұйымдармен жазатайым оқиғалардың алдын алу мен азайту мәселелерін талқылады.
Отандық газ операторы сарапшылары жиналғандарды еңбек қорғау мен өндіріс қауіпсіздігі және қоршаған ортаға зиян тигізбеу бағыттарында мұқият көзқарас танытуға шақырды. Себебі әр оқыс жайттың артында адам өмірі мен денсаулығы тұр.
«Жұмысты бастар сәтте ауысымды еш жарақаттанусыз аяқтауды ойлаған жөн. Егер осылай өзіңізбен келісімге келсеңіз, көп қателіктен сақтануға болады», — деп атап өтті өз сөзінде «QazaqGaz» ҰК» АҚ HSE департаментінің директоры Алтай Джакубалиев.
Форум барысында қауіпсіз жұмыс тәсілдеріне арналған, жеке қорғаныс заттары қойылып, тиісті қағидалар мен ережелер ұсынылған көрме ұйымдастырылды.
Бүгінде «QazaqGaz Aimaq» компаниясының Атырау өндірістік филиалы 152 мыңнан астам тұтынушыны табиғи газ отынымен қамтып отыр.