«QazaqGaz Aimaq» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров 2025 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша еңбек ұжымымен есептік кездесу өткізіп, қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындыларына, компанияның жетістіктері мен болашаққа жоспарларына тоқталды.

Ол «QazaqGaz Aimaq» АҚ Қазақстанның 14 облысында, сондай-ақ республикалық маңызы бар – Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 12,7 млн. астам тұрғынды (бұл 2,4 млн. абонент) және 64 мың кәсіпорынды табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз ететінін атап өтті.
Есептік кезеңде абоненттердің жалпы санына тағы 51 155 абонент қосылды. Ішкі нарыққа газ 73 мың км-ден астам газ құбырларын қамтитын газ тарату жүйесі арқылы жеткізіледі.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ «адамдарға жылулық пен қуаныш сыйлау, елдің әл-ауқатының өсуіне үлес қосу» миссиясын жалғастыруда. Ол үшін компания ұсынатын қызметтер сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етуді жалғастыру қажет.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы бұл нәтижелер прогреске аса назар аудартады және болашақта одан да үлкен жетістіктерге жетуге уәде береді. Сондай-ақ, компания басшысы қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
Бас директор Бауыржан Асқаров есептік кездесуді мерекелік нотада аяқтап, мұнай-газ кешені қызметкерлері күнінің кәсіби мерекесіне орай Компания қызметкерлерін марапаттап, олардың газ саласын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.