Бүгін Астана қаласының Байқоңыр ауданына тиесілі «Кирпичный» тұрғын алабындағы 255 үйді тұрмыстық газбен қамтамасыз етілді. Бұл жоба «QazaqGaz Aimaq» АҚ, Астана қаласының әкімдігі және ҚР Энергетика министрлігімен іске асырылды.

Игілікті іс нәтижесінде бас қаланың экологиясы мен оның шеткері аймағындағы азаматтардың өмір сүру сапасын жағдайын жақсартуға және кәсіпкерлікті дамытуға кезекті қадам жасалды. Бұл қазіргі жылу маусымы барысында аса өзекті болып отыр.
Жалпы, биыл, елорда мен оның агломерациясында ҚР Энегетика министрлігі, Ақмола облысы мен Астана қаласының әкімдіктері және «QazaqGaz» ұлттық компаниясы мен оның еншілес кәсіпорны «QazaqGaz Aimaq» АҚ бірлескен күш-жігерінің арқасында 22 535 шаңырақ газға қолжетімділікке ие болды. Бұл жерде Астанада «Кирпичный», «Family Village», «Тельман» тұрғын алаптары, ал Ақмола облысында Нұрлы, Шұбар, Аққайың, Талапкер, Ыбырай Алтынсарин, Қоянды ауылдарына және Қосшы қаласына табиғи газ берілді.

