Атыраулықтарға өрт қауіпсіздігі мен газды пайдалануда сақ болу керектігі түсіндірілді.
Облыстық ТЖД мен «QazagGaz Aimaq» АҚ Атырау өндірістік филиалының қызметкерлері Ақсай ауылы 12-өткелдегі жеке үйлерді аралады.
Тұрғындарға өрттің туындау қауіпін азайту, газ құрылғыларын қолдану барысында уланудың алдын алу туралы жадынама таратылды. Сұрақтарға білікті мамандар жауап берді.