You are currently viewing Шымкент қаласындағы улы газбен улану оқиғасына қатысты

Шымкент қаласындағы улы газбен улану оқиғасына қатысты

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалы ағымдағы жылдың 3 наурызында апаттық-диспетчерлік қызмет пультіне жедел медициналық жәрдем диспетчерінен Шымкент қ., Байтұрсынов көш., 75-үй мекенжайындағы үш пәтерде төрт адамның қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскенін хабарлайды.

Оқиға орнына «QazaqGaz Aimaq» АҚ апат бригадасы барды. Оқиға орнына келгенде анықталғандай, алдын ала болжам бойынша, қайғылы жайтқа 2009, 2006, 2002 және 1994 жылдары туған төрт адамның газдан иістенуі себеп болған.

Зерттеу барысында апат бригадасы уланудың ықтимал негізгі себебі тиісті рұқсатсыз өз бетінше орнатылған су жылытқыштың мұржасында тартымның болмауы екенін алдын ала анықтады. Желдету арнасы қарастырылмаған. Үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету туралы шарт, сондай-ақ түтін және желдету арналарына тексеру жүргізу актісі ұсынылмады.

Жазатайым оқиғаның нақты себептері сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша анықталады. Тиісті тергеу жүргізу үшін ақпарат жергілікті атқарушы органға жолданды.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады және барлық тұтынушыны қауіпсіздік шараларын сақтауға, желдету арналары мен түтін мұржаларының жай-күйін тұрақты түрде тексеруге, сондай-ақ газдың таралуын анықтайтын қажетті дабыл құрылғыларын орнатуға шақырады. Тек қауіпсіздік қағидаларын сақтау арқылы ғана өзіңіз бен жақындарыңыздың өмірін қорғауға болады.