Нәтижесінде Астана қаласында, сондай-ақ Қарағанды, Жамбыл және Түркістан облыстарында шамамен 32 мың адам табиғи газға қол жеткізді. Жобаларды іске асыру тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз етіп, коммуналдық инфрақұрылым сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
Атап айтқанда, Теміртау қаласында газ тарату желілерінің бірінші және екінші іске қосу кешендерінің үшінші кезегі пайдалануға берілді. Нәтижесінде 1 076 абонент немесе 4 304 адам газға қосылды.
Жамбыл облысында Талас ауданындағы Майтөбе және Қожагаппар ауылдары газ желісіне қосылды — барлығы 412 абонент (1 648 адам). Сондай-ақ Жуалы ауданындағы Қарабастау, Жылыбұлақ және Дарбаза ауылдары газдандырылып, 279 абонент (1 116 адам) газға қосылды. Жуалы ауданындағы Әбдіқадыр ауылында, сондай-ақ Жамбыл ауданындағы Жаңаөткел және Құмсуат ауылдарында тағы 112 абонент (448 адам) газға қол жеткізді.
Түркістан облысында да бірқатар елдімекен газдандырылды. Ордабасы ауданындағы Жусансай ауылында 75 абонент (300 адам), Жайылма ауылында 91 абонент (364 адам), Арыстанды ауылында 103 абонент (412 адам) газға қосылды. Бәйдібек ауданындағы Жұлдыз ауылында 84 абонент (300 адам), ал Мақтаарал ауданындағы Жантаксай ауылында 104 абонент (300 адам) газға қол жеткізді.
Сонымен қатар Сарыағаш ауданындағы Шайхана және Қарақалпақ ауылдарында 243 абонент (972 адам) газ желісіне қосылды. Ал Созақ ауданындағы Шолаққорған ауылын газдандыру нәтижесінде 4 768 абонент немесе 19 072 адам табиғи газға қол жеткізді.
Елордадағы «Шұбар» тұрғын алабында 890 абонент немесе шамамен 3 560 тұрғын табиғи газға қосылды.