You are currently viewing Маңғыстауда су тасқынына дайындық қолға алынды

Маңғыстауда су тасқынына дайындық қолға алынды

«QazaqGaz Aimaq» компаниясының Маңғыстау өндірістік филиалында су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі бойынша оқу-жаттығу өтті. Тиісті шара Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Шара барысында мамандар ықтимал су тасқыны жағдайында қызметтер мен бөлімшелердің іс-қимылын пысықтап, жедел әрекет етуге арналған күштер мен құралдардың дайындығын тексерді.
Төтенше жағдайларға дайындықты арттыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. 2025 жылы барлығы алты оқу іс-шарасы ұйымдастырылды. Олардың ішінде:
• 2 республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы;
• 1 командалық-штабтық оқу-жаттығуы (КШУ);
• 1 кешенді оқу-жаттығу;
• 2 өзара іс-қимыл жоспары бойынша оқу-жаттығуы.
2026 жылы «Көктем–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Жыл соңына дейін қосымша тағы екі оқу іс-шарасын өткізу жоспарланып отыр.