You are currently viewing ӘР ҮЙГЕ НАУРЫЗ ЖЫЛУЫ: ТЕМІРТАУ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛЫП ЖАТЫР

ӘР ҮЙГЕ НАУРЫЗ ЖЫЛУЫ: ТЕМІРТАУ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛЫП ЖАТЫР

Наурыз мейрамы қарсаңында «QazaqGaz Aimaq» АҚ Теміртау қаласының «Соцгород» ауданының бір бөлігін табиғи газға қосуды аяқтады. Жоба «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының I кезегінің III іске қосу кешені аясында жүзеге асырылып, тұрғындардың жайлы өмірі мен экология ахуалын жақсарту жолындағы маңызды қадам болды.

Енді «Сетевой» ауданы мен «Теміртау» тұйығын қоса алғанда 948 абонент тұрақты әрі қауіпсіз газбен қамтылып отыр. Жалпы ұзындығы 28 шақырымнан астам жаңа газ құбыр желілері тартылып, 13 заманауи газ реттеу қосыны орнатылды. Олар 2026 жылдың басында барлық қажетті сынақтар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестік тексеруінен өтті.

«Наурыз қарсаңында газға қосылу – жай ғана техникалық оқиға емес. «Соцгород» ауданы тұрғындары үшін бұл өмір сапасының жаңа деңгейі: таза ауа, көмір мен күлден арылу, үйлердегі қолайлылық пен жылудың тұрақтылығы. Біз қала тұрғындарына ұзақ жылдар қызмет ететін заманауи инфрақұрылым құруға ұмтылып жатырмыз», – деді «QazaqGaz Aimaq» АҚ Қарағанды өндірістік филиалының директоры Владислав Кисиков.

Газдандыру тек тұрмыстық жағдайды жақсартып қана қоймай, қаланың экологиясына да оң әсер етеді. Табиғи газды пайдалану ауаға зиянды азайтып, қалалық ортаны өмір сүруге қауіпсіз әрі қолайлы етеді.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ жаңа абоненттерді маңызды оқиғамен құттықтай отырып, қауіпсіздік ережелерін еске салады:

  • Тек сертификатталған жабдықтарды пайдаланып, ішкі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша келісімшарт жасау;
  • Желдету арналарының тартысын тексеріп отыру;
  • Газ иісі сезілген жағдайда бірден крандарды жауып, бөлмені желдетіп, 5-104 нөмірі бойынша апаттық қызметті шақыру.

Анықтама үшін, бүгінгі таңда:
Теміртау қаласында 5956 абонентті қосу мүмкіндігі бар 237 км газ құбыры салынды, оның ішінде 2333 абонент газға қосылды;
Жезқазған қаласы мен Кеңгір кентінде 184,9 км желі тартылып, 3598 абоненттің 1957-сі қосылды;
Қарағанды қаласында 355,8 км газ құбыры тартылып, 8794 абоненттің 5286-сы қосылды.