Әсіресе өңірлердегі өндірістік филиалдардың ұжымдары Наурыз мейрамына дайындықты бастап кетті. Олар жұмысқа ұлттық киім киіп келуден бөлек, жұмыс орындарын қазақи нақышта безендіруде.

Осылайша, табиғи газ арқылы азаматтардың өміріне нәр берген сала мамандары, қазақ халқының бай салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын насихаттағысы келеді. Себебі, әз-Наурыз – бұл тек жаңа жылдың басы ғана емес, сонымен қатар табиғаттың жаңаруы, үміт пен қуаныштың нышаны.
