«QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері кәсіби тәжірибе жинауға кірісті.
Аталған бастама 2025 жылғы 11 желтоқсанда тараптар ресми түрде қол қойған ынтымақтастық туралы меморандум аясындағы жүйелі серіктестік шеңберінде жүзеге асырылуда.
Ұлттық оператор мен өңірдің жетекші жоғары оқу орны арасындағы өзара іс-қимыл энергетика саласының кадрлық әлеуетін нығайтуға және болашақ мамандарды сапалы даярлауға бағытталған. Шымкент өндірістік филиалындағы тәжірибе студенттерге алған теориялық білімдерін нақты өндірістік жағдайда қолдануға, газбен жабдықтаудың заманауи технологияларымен танысуға және компания мамандарының тәжірибесін үйренуге мүмкіндік береді.
Жас таланттарды қолдау және кадрлық резерв қалыптастыру «QazaqGaz Aimaq» АҚ басым міндеттерінің бірі болып қала береді. Бұл өз кезегінде өңірлердің энергетикалық қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік әлеуетінің дамуына ықпал етеді.