You are currently viewing Ардагердің ауласын қардан тазалады

Ардагердің ауласын қардан тазалады

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қостанай өндірістік филиалының Жастар кеңесі ардагерлерге көмек көрсету акциясына қатысты.

Газ саласының жас мамандары ардагер қария тұратын үй ауласын күрт ери бастаған қардан тазалады. Осылайша филиал қызметкерлері аға буын өкіліне көрікті көктем мезгілімен бірге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Жастардың мұндай ізгі ісіне риза болған тұрғындар алғысын жаудырды.