You are currently viewing Елімізде газ смарт-есептегіштерін орнату басталды

Елімізде газ смарт-есептегіштерін орнату басталды

Қазақстанда табиғи газды тұтынуды есептеуге арналған смарт-есептегіштер орнату басталды.

Шымкент қаласында және Түркістан, Қызылорда облыстарында қолға алынған тиісті жұмыс «QazaqGaz Aimaq» компаниясының «Aqyl Energy» жобасының аясында жүзеге асырылып жатыр. Атап өтерлік жайт, жаңа заманауи құрылғыны орнату тұрғындардың қалтасына салмақ түсірмейді, яғни толықтай тегін жүргізілуде.

Смарт-есептегіштер қауіпсіздікті арттырып, есептің ашық болуын қамтамасыз етеді әрі аталған қызметті цифрлы сипатқа көшіреді. Бұл, әлбетте, қарапайым халық үшін ыңғайлы әрі үнемді. Ал газ тұтыну мөлшерін QazaqGaz Aimaq мобильді қосымшасынан бақылауға болады.