You are currently viewing Маңғыстауда Конституция тақырыбында кездесу ұйымдастырылды

Маңғыстауда Конституция тақырыбында кездесу ұйымдастырылды

2026 жылғы 6 мамырда «QazaqGaz Aimaq» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалында Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Тұмышев Нұри Лазарұлымен еңбек ұжымының кездесуі өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Конституциясын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылды.

Кездесуге филиалдың 160 қызметкері қатысты: 50 адам Ақтауда офлайн форматта, ал 110 қызметкер аудандық бөлімшелерден онлайн форматта қосылды.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ заң үстемдігі мен құқықтық мемлекеттің маңызы жан-жақты түсіндірілді.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыруға және олардың хабардарлығын күшейтуге жүйелі түрде көңіл бөледі. Осындай кездесулер азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.