Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округіне қарасты Алмалы елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылдық округі, Алмалы елді мекенін газбен жабдықтау құрылысы» жобасы іске асырылды.

Жоба бойынша газ құбыры желісінің жалпы ұзындығы 9,111 шақырымды құрайды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025–2026 жылдар аралығында жүргізілді.

Нәтижесінде Алмалы елді мекені табиғи газға қосылып, 104 абонент көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда нысан толық іске қосылып, тұрғындарға табиғи газ берілуде.
Аталған жұмыстар өңір тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға және елді мекендерді кезең-кезеңімен газдандыруды қамтамасыз етуге бағытталған.