4 маусым қарағандылық газ мамандары жұмыс күнін мемлекеттік рәміздерге тік тұрып құрмет көрсетуден бастады. Ол үшін «QazaqGaz Aimaq» АҚ Қарағанды өндірістік филиалының қызметкерлері қолдарын кеуделеріне қойып әнұранды шырқап, көк туды желбіретті.
Еліміздің тәуелсіздігі мен дербестігін, тұтастығын сақтап қалуда, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде мемлекеттік ту мен елтаңбаның және әнұранның маңыздылы насихатталған шара соңында кеншілер мекеніндегі сала өкілдері бейбітшілік нышаны ретінде аспанға шарлар ұшырды.
Өз кезегінде «QazaqGaz Aimaq» компаниясының ұжымы күнделікті өз жұмысында Қазақстан Республикасының іргесін нығайтып, дамытуға қызмет ете береді.