You are currently viewing Өндіріс пен табиғаттың үйлесімі

Өндіріс пен табиғаттың үйлесімі

Бүгін Астанада “Интергаз Орталық Азия” компаниясы ұйымдастырған экология форумында екі бірдей «QazaqGaz Aimaq» АҚ қызметкерінің еңбегі атап өтілді.

Олар орталық аппараттағы Өндірістік бақылау, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау қызметінің менеджері Гүлмира Қожахметова мен оның Қостанай өндірістік филиалындағы әріптесі, жетекші маман Гүлжан Жұбикенова болды.

Форум барысында осы жылдың сәуір айында елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен RES-2026 экология саммиті әңгіме арқауына айналды.

“QazaqGaz Aimaq” АҚ “QazaqGaz” ҰК” АҚ компаниялар тобының ажырамас бөлігі ретінде өзінің өндірістік қызметінде қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікпен қарайды.