«QazaqGaz Aimaq» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров жүзеге асырылып жатқан жобалардың стратегиялық маңызына назар аударды. Ол, сондай-ақ, жылыту маусымының қорытындысына баға берді.
Жұмыс сапары аясында компания басшысы Луганский көшесінен Әл-Фараби даңғылы бойымен және Жароков көшесінен Синьхай көшесіне дейінгі аралықта Төле би көшесі бойында жүргізіліп жатқан жерасты газ құбырларын жаңғырту барысымен танысты. «QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалы мен мердігер ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен жұмыс кеңестерінің қорытындысы бойынша құрылыс қарқынын арттыру, жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау және құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, Алматы қаласындағы 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымында газ тарату жүйесінің тұрақты жұмыс істегені атап өтілді. Алматы өндірістік филиалы 5600 шақырымнан астам газ құбырын, 75 газ реттеу пунктін және 1737 шкафтық газ реттеу пунктін пайдаланады. Газ желілерін жылыту маусымына дайындау бойынша барлық шаруа толық көлемде орындалып, тұтынушылар табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз етілді.
Бас директор іске асырылып жатқан жобалардың Алматы қаласының газ инфрақұрылымын одан әрі дамыту және газбен жабдықтау сенімділігін арттырудағы стратегиялық маңызын ерекше атап өтті.