Өткен демалыс күндері Астанада «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша Спартакиада-2026 өтті. Дүбірлі доданың қорытындысында «QazaqGaz Aimaq» компаниясы жалпыкомандалық есепте 3-орынға тұрақтады.
Осылайша еліміздің 14 облысы мен республикалық деңгейдегі 3 қаласын табиғи газбен қамтамасыз етуші тату ұжым 11 команданың ішінде 150 ұпаймен үздік үштіктің қатарына енді. Оның ішінде сала қызметкерлері баскетболдан, ерлер арасында садақ атудан, жүзуден 18-24 жас санатында, әйелдер жеңіл атлетикадан 18-34 жас санатында бірінші орынды жеңіп алды.
Екінші орын тұрғысында ерлер үстел теннисінен,әйелдер жүзуден 25-29 жас санатында, ерлер жүзуден 40-44, 45-49 жас санаттарында жеңістің дәмін татты.
Ал волейболдан, бесасықтан, тоғызқұмалақтан, әйелдер 65 келіге дейін қолкүрестен, ал ерлер 80 келіден жоғары, әйелдер жүзуден 30-34, 45-49 жассанаттарында және 50 жастан жоғары аралықта, аралас эстафетадан үшінші орынға қол жеткізді.
Аймақтықтар мұндай құлшыныспен алда да талай биік белесті бағындыра бермек.