«QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана, Қостанай, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды және Жамбыл өндірістік филиалдарында «Үздік маман-2026» байқауы өтті. Кәсіби сайыс барысында газ саласының мамандары өздерінің кәсіби біліктілігі мен шеберлігін сынға салды.
Байқаудың негізгі мақсаты – қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру, озық тәжірибені насихаттау, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін нығайту және газ тарату жүйесінің сенімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету.
Өз ісіне адал, жоғары жауапкершілікпен еңбек ететін мамандар – компанияның басты құндылығы әрі газ саласының орнықты дамуының негізі.