You are currently viewing 12,5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді

12,5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Қарағанды өндірістік филиалы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастаманы қолдады.

Сұрыптау елдімекеніндегі Теміржолшылар мәдениет сарайының аумағында өткен акция барысында қала тұрғындары бес пластик бөтелкені бір балмұздаққа айырбастау мүмкіндігіне ие болды. Экологиялық бастама тұрғындардың үлкен қызығушылығын тудырып, түрлі жастағы қатысушылардың басын қосты.

Іс-шара қорытындысы бойынша 12 500 пластик бөтелке жиналып, олар қайта өңдеуге жіберіледі. Акцияға қатысушыларға 2 500 балмұздақ таратылды.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық бастамаларды тұрақты түрде қолдайды және акцияға белсенді қатысқан барлық тұрғындарға алғыс білдіреді.