You are currently viewing Қостанай облысында Лесное және Березов ауылдарына газ берілді

Қостанай облысында Лесное және Березов ауылдарына газ берілді

Қостанай облысы Федоров ауданында Лесное және Березов ауылдарына тартылған газ құбыры мен газ тарату желілерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 40,6 шақырым газ құбыры салынып, 4 шкафтық газ реттеу пункті (ГРПШ) орнатылды. Нәтижесінде 977 ауыл тұрғыны табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды.

Шараға Қостанай облысының басшылығы, Қостанай облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілдері, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Қостанай өндірістік филиалы, мердігер ұйымдар, ауыл тұрғындары мен қонақтар қатысты.

Сөз сөйлегендер газдандыру жобасының тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырудағы, елдімекеннің инфрақұрылымын дамытудағы және өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсіміне қосатын үлесін ерекше атап өтті.