Жаңа оқу жылы қарсаңында «QazaqGaz Aimaq» АҚ барлық өндірістік филиалдарында балалары биыл бірінші сыныпқа барған қызметкерлеріне қаржылай қолдау көрсетті.
Компания үшін халықты қауіпсіз, тұрақты және үздіксіз газбен қамтамасыз етіп, алдағы жылу маусымын абыроймен өткізуге өз үлесін қосып жүрген әрбір қызметкер маңызды. Компания қызметкерлері жұмыста ғана емес, отбасында да өздерін жайлы сезінуге тиіс.
Балалардың «тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын» білім жолындағы алғашқы қадамдары сәтті болсын!

