4 қыркүйекте Астана қаласында Мұнай-газ саласы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шарада энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов сала қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экономиканы дамытуға және ірі өндірістік жобаларды іске асыруға қосып отырған үлесін атап өтті.
«Өндірілген әр тонна мұнайдың, әр текше метр газдың артында сіздердің ауыр әрі қажырлы еңбектеріңіз тұр. Сала қызметкерлерінің кәсібилігі, жауапкершілігі мен тәжірибесінің арқасында Қазақстан энергетикалық кешенінің тұрақтылығын сақтап, оның әлеуетін одан әрі дамытып келеді», – деді Ерлан Ақкенжанов.
Қазіргі таңда еліміздегі газдандыру деңгейі 64,2%-ға жетіп, 13 млн-нан астам қазақстандық табиғи газға қол жеткізді. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 80%-ға жеткізу міндеті қойылып отыр.
Салтанатты шара барысында «QazaqGaz Aimaq» АҚ сегіз қызметкері кәсіби еңбегі үшін марапатталды. Олардың қатарында:
- Гүлнәр Қазақ – Қостанай өндірістік филиалы Рудный газ шаруашылығының диспетчері;
- Данна Құрбанбаева – Шымкент өндірістік филиалы авариялық-диспетчерлік қызметінің диспетчері;
- Асқар Әшірбаев – Ақтөбе өндірістік филиалы газ желілерін пайдалану қызметінің жерасты газ құбырларын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарі;
- Талғат Шамитаев – Түркістан өндірістік филиалы Сарыағаш газ шаруашылығының жерасты газ құбырларын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарі;
- Алла Журавская – Алматы өндірістік филиалының жерасты құбырларын коррозиядан қорғау жөніндегі монтері;
- Жақсылық Үсіпбеков – Жамбыл өндірістік филиалы авариялық-диспетчерлік қызметінің газ шаруашылығындағы авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жөніндегі слесарі;
- Есенжол Әбішев – Батыс Қазақстан өндірістік филиалы газ желілерін пайдалану және жөндеу қызметінің жерасты газ құбырларын пайдалану және жөндеу жөніндегі 4-разрядты слесарі;
- Тимур Бердібаев – Астана өндірістік филиалы газ желілерін пайдалану және жөндеу қызметінің жерасты газ құбырларын пайдалану және жөндеу жөніндегі 5 тарифтік разрядты слесарі бар.
Тиісті марапаттау – газ саласы мамандарының кәсіби шеберлігіне, жауапкершілігіне және елдің газбен тұрақты қамтамасыз етілуіне қосқан еңбегіне берілген жоғары баға.




